Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде.
«Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
«Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.
Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 3653 грант бөлінген.
Осы жылы 800-ден астам түркістандықтар грантқа ие бола алады
«Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр
Ескерту: Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Ақпараттандыру жұмыстары 20 шілдеге дейін жүзеге асады.