Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абоненттер саны – 16 336, бұл қала тұрғындарының 36,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткішті жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған сай, бүгінде 17 жоба әзірленіп, 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар 4 нысан құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Олар: «Шавгар» ықшам ауданы Ортақ тұрғын алабына сарқынды су желісін салу (3-кезек); «Баянауыл» шағынауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы; №14 пен №15 КНС аралығындағы сарқынды су жүйесінің құрылысы; «Яссы» шағын ауданы, Бірлік тұрғын үй массивіндегі кәріз жүйелерінің құрылысы (2-кезек). Сондай-ақ тағы да 4 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда шаһар аумағын сарқынды су желісімен қамтамасыз ету көрсеткіші 95%-ға жетеді.

Пікір жазу