Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Мәжілісте қала тазалығы да басты назарда болды

Мәжілісте қала тазалығы да басты назарда болды

Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбековтің төрағалығымен мәжіліс өтіп, тапсырмалардың орындалуы зерделенді. Қала әкімінің 6 сектор тұрғындарымен өткізген кездесуі нәтижесінде белгіленген өтініштер мен мәселелерге байланысты сала мамандары есептерін ұсынды. Нақты орындалған және орындалу үстіндегі тапсырмалар көрсетілді
Атап айтқанда, 1 мөлтек аудандағы 24-үйдің шатыры қазіргі таңда қалпына келтіріліп, жөнделді.
Шомылу маусымына сай бассейндердегі санитарлық тазалықты қадағалану бойынша ұсынысқа сәйкес, қала аумағындағы барлық шомылу орындарына мониторинг жүргізілді. Нәтижесімен қалалық санитариялық эпидемиологиялық басқармасына хат жолданды.
Сүйіліш батыр мен Шала бақсы көшелерінде сағат 17:00-ден кейін су қысымының төмендеуіне байланысты шағым түскен. Қазіргі таңда аталған көшелердегі ауыз судың қысымы қалпына келтірілді.
Қаладағы Меркі, Наурызбек, Жазықсай, Жағажай, Сүткент, Ақжелен көшелерінің жарықтандыру жүйесімен қамтылуы ағымдағы жылдың ІІІ-ІV тоқсаны аралығында жоспарланғаны хабарланды.
Оралман, Саяжай аумағы, Байкөкше шешен көшелеріне жарықтандыру жүйесі жүргізілген. Қазіргі таңда іске қосу үшін тиісті құжаттар әзірленіп жатыр.
Мәжілісте қала тазалығы да басты назарда болды. Аптаның әр күніне бекітілген тазалық күндері мен сенбіліктер тұрақты түрде жүргізіліп, мерзімінде орындалуы қадағалануда. Жалпы жыл басынан бері ортақ пайдалану орындарын ластаған 5467 жайт орын алып, тәртіп орнату үшін 30 бейне камера орнатылды. Сондай-ақ, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған 7 кәсіпкер мен 5 жүк көлігіне айыппұл салынды.
Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшеновтің мәлімдеуінше, мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 439 заңсыз орнатылған жарнама анықталып, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 335 жарнама сәйкестендіріліп, тұрақты түрде мемлекеттік кірістер басқармасына жолданып отыр.
Мәжіліс соңында құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Сүлейменова сөз алып, уақыты белгіленген хаттамалық тапсырмалардың кестесін ұсынды.

Пікір жазу