Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ БАНК» 500 БАЛАҒА МЕКТЕП СӨМКЕСІН ҮЛЕСТІРДІ

ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ БАНК» 500 БАЛАҒА МЕКТЕП СӨМКЕСІН ҮЛЕСТІРДІ

Түркістан өңірінде мектепке келетін 500 мыңға жуық балаларды мектеп формасы мен оқу құралдарын ата-аналар қолжетімді бағада алуы үшін және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында барлық аудан, қалада «Мектеп жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, өткізілуде. Аталған іс-шараға демеушілер де өз үлесін қосып, барынша атсалысып жатыр.
Бүгін Түркістан қаласында «Мектепке жол» акциясына «Халық Банк» АҚ Түркістан облысының филиалы атсалысты. Аталған жиынға «Халық Банк» Түркістан облыстық филиалының директоры Артур Тасқарин, Облыстық білім басқармасының орынбасары Айгүл Қасымбекова және қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. «Оқушылар» сарайында өткен шарада биыл мектеп табалдырығын аттайтын 500 балаға оқу құралдарын табыс етті.
Жалпы облыста балаларды мектепке формамен, оқу құралдарымен келуі үшін «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде. Акция шеңберінде әлеуметтік аз қамтылған отбасының 49627 баланың ата-аналарының есепшоттарына 43407 теңгеден аударылды.
Жаңа оқу жылында өңірдегі мектептерде 52 мың бала 1-сыныпқа келеді деп күтілуде. Жаңа оқу жылында оқулық және оқу-әдістемелік кешендерді тасымалдау жұмыстары толық аяқталып, облыстағы барлық мемлекеттік мектеп толығымен оқулықпен қамтамасыз етілді.

Пікір жазу