Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҒЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҒЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Түркістан қаласында жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында 23 білім ордасының маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды. Сондай-ақ, қыркүйек айына дейін қаладағы барлық мектептердің жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылады деп жоспарлануда.
Қалалық “Түркістан жол қызметі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Ә.Темір, Байбұрт, Тауке хан, С.Қожанов, О.Жарылқапов, Т.Нышанов, Төле Би, Қазыбек Би, О.Жандосов көшелерінің 123,28 шақырым жол сызығы, 7 334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы, 31 000 шаршы метр веложолдардың бояуы жаңартылған. Сонымен қатар, жыл басынан бері қала көшелеріне 1 400 дана жол белгілері орнатылған. Жауапты мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін жаңа 2 500 дана жол белгісі, 5 жаяу жүргіншілерге арналған және 5 транспорттық бағдаршам қойылады. Бұдан бөлек, биыл қала көшелеріне жаңа үлгідегі 105 жаңа автобус аялдамалары орнатылды. Жыл соңына жаңа аялдамалар санын 150-ге жеткізу көзделген.

Пікір жазу