Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА 6 МЫҢ БҮЛДІРШІН ҮШІН АЛҒАШҚЫ РЕТ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА 6 МЫҢ БҮЛДІРШІН ҮШІН АЛҒАШҚЫ РЕТ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласының білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының басталуына орай Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. Ұстаздар қауымына алғысын білдіре отырып, оқушылар мен ата-аналарға құттықтауын арнады.
– Адамның ғана емес, әлемнің дамуы – терең білімнен. Баланы жетектеп, оның зейінін ашып, үлкен өмірге дайындау – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін еселі еңбек. Руханият төрі – Түркістан келешекте ғылым мен ілімнің ордасына айналады деп сенемін. Балаларымыз зерек, ақылды, зерделі болсын, – деген қала басшысы оқушыларға әліппені табыстады.
Мерекелік шарада қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық әжелер алқасының мүшесі Ұлжан Мұстафаева жас ұрпаққа ұлағатты сөздерін арнады.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында облыс орталығында 76 мектептің 1-сыныбына 6 мың оқушы қабылданды.

Пікір жазу