Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » “ЕРТЕҢ ЗАРДАБЫМЕН АЛЫСПАЙ, БҮГІН АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ”

“ЕРТЕҢ ЗАРДАБЫМЕН АЛЫСПАЙ, БҮГІН АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ”

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік мәжілісте жауын-шашыннан туындауы мүмкін мәселелер мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары сараланды.
Соңғы үш жылда Түркістанда жаңбыр суы жиналатын орындарды зерделеу нәтижесінде көлік қатынасына және жаяулар үшін кедергі келтіретін 109 жер қазылып, дренаж орнатылған. Сонымен қатар, қажеттілігіне қарай жол жиектеріне қосымша құбырлар көмілген.
Нұрбол Әбдісаттарұлы жауаптыларға ендігі кезекте жаңа қоныстанған аймақтарды тұрақты бақылауға алып, ықтималдығын ескере отырып тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Жылыту маусымына дайындық барысын “Жылу” мекемесінің басшысы Ергазы Рысбеков баяндап, жылу жүйесінің магистралды және ішкіорамдық құбырларын сәуір айында қысымдап, шаю жұмыстарын толық аяқтағанын мәлімдеді.
Орталық қазандық және модульді 17 қазандық арқылы қаламыздағы І-ІІ мөлтек аудандарында 75, Отырар мөлтек ауданында 46 және Әкімшілік іскерлік орталығында 98 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген.
Шаһар басшысы пәтерлердің ішкі жүйесін қысымдап, дайындықты пысықтау үшін Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне нақты тапсырмалар жүктеді.
— Мүлік иелерінің бірлестік төрағаларымен жұмыс жасаңыздар. Бір пәтердегі ақау тұтас үйдегі жүйеге зардабын тигізеді. Тұрғындар жылыту маусымына жауапкершілікпен дайындалғаны жөн. Туындауы мүмкін деген проблемалар болса, осы кезден айтыңыздар, ертең зардабымен алыспай, бүгін алдын алуға жұмылайық, — деді қала әкімі өз сөзінде.
Мәжіліс нәтижесінде тапсырмалар нақтыланып, жауаптылар бекітілді.

Пікір жазу