Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қаласының әкімі атқарылған жұмыстар барысын тексерді

Түркістан қаласының әкімі атқарылған жұмыстар барысын тексерді

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9-11 көшелерді кезекті рет аралап, атқарылған жұмыстарды тексерді.
Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов 9-11 көшеде 26 кәсіпкерлік нысанды реттеу, жобаға сай қасбеттерін бірдейлендіру, желдеткіштерін қаптау бойынша тындырылған тірліктерді баяндады. Қазіргі таңда 12 нысанда жұмыс толық аяқталды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мухит Көшеновке кәсіпкерлік нысан маңдайшаларының жазылуы мен сәулеттік құрылымына көңіл бөліп, реттеуді тапсырды.
Жол қызметі мекемесі 9-көшедегі 8 аялдаманың айналарын, есіктері мен жапсырмаларын ретке келтірді. Жол бойындағы 200-ге жуық бордюр қайта орнықтырылып бекітілді. Жаяуларға арналған өткелдер сызбасы жаңартылды.
Сондай-ақ, қажеттілігі ескеріліп белгіленген үш орында мердігер мекеме гидрант арнасынан жаяулар өткелін жасақтауда.
Қала әкімі аралау нәтижесімен қосымша тапсырмалар жүктеп, жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды.

Пікір жазу