Түркістан қаласында 800-ге жуық адамның қатысуымен кезекті сенбілік өтті. Тазалық шарасына шаһардағы 6 сектор тұрғындары, эко-белсенділер мен қала жастары атсалысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен тазалық жұмыстары барысында Б.Саттарханов даңғылы, 9-11 көше, Б. Майлин көшесі, Жарылқапов көшесі, Тынышқұлов көшесі, Қызылорда тас жолы қураған шөптер мен күл-қоқыстан тазартылды.
Жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 8 техника жұмылдырылды. Жалпы 125 тоннадан астам қоқыс арнайы аумаққа шығарылды.
Сонымен қатар, Жаңа қала аумағындағы көпқабатты тұрғын-үйлер мен коммерциялық нысандар бойынша анықталған кемшіліктер ретке келтірілді.