Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІР ЖЫЛДА “1310” БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ 15400-ДЕН АСА ҚОҢЫРАУ ҚАБЫЛДАҒАН

БІР ЖЫЛДА “1310” БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ 15400-ДЕН АСА ҚОҢЫРАУ ҚАБЫЛДАҒАН

Түркістанда тәулік бойы 1310 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс орталығы тұрғындардың өтінішін қабылдап, коммуналдық, әлеуметтік және туристік бағыттарды қамти отырып, қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын қадағалауды қамтамасыз етеді.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, мәселені шешу үшін жауапты мекемелерге жолданады. Мамандар қоңырау қабылдау барысында өтініш берушіге қатысты барлық ақпараттарды арнайы жүйеге енгізеді.
Қазіргі таңда орталықта 10 оператор, 7 инспектор жұмыс істейді. Байланыс операторлары күндізгі және түнгі ауысыммен қоңырауларды қабылдайды. Сондақ-ақ, мамандар арнайы курстардан өтеді.
Облыс орталығындағы 6 сектор бойынша өтініш-шағымдарды мамандар 1310 қысқа байланыс нөмірі немесе әлеуметтік желідегі Instagram (@turkistan1310), WhatsApp (87073331310), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, қаланың дамуы мен көркеюіне қатысты креативті ұсыныстарыңыз болса, аталған орталыққа жолдасаңыздар болады.
Бір жылда байланыс орталығы 15404 қоңырауды қабылдаған. Оның ішінде 15370 өтінім мерзімінде орындалып, қалған өтінімдер жұмыс барысында тұр.

Пікір жазу