Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СЕНАТОР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

СЕНАТОР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына сапар аясында ҚР Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Өз сөзінде Сенатор Мемлекет басшысы белгілеп берген бастамаларға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ жиын барысында өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жан-жақты талқылап өз пікірлерімен бөлісті. Түркістан қаласында адами әлеуетті дамыту, қоғамдық денсаулық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар секілді салалардағы проблемалық мәселелерді талқылады.
“Бүгін Парламенттік комиссияның отырысында осы бағытқа назар аударылуда. Инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты түйткілдер де өте өзекті. Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата ретінде мәслихаттармен байланысты одан әрі арттыру және өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету жолындағы жұмысты жалғастыра береді”,– деді Сенатор.

Пікір жазу