Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ – АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ – АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайрат Балабиев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан қаласы модульдік ауруханасының ғимаратында Түркістан қалалық денсаулық сақтау саласының дәрігерлерімен кездесу өткізді.
Жиынға Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, облыстық мәслихатының депутаттары Инара Намазбаева, Еркебұлан Хандиллаев қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев қатысты.
Кездесу барысында ақ халатты абзал жандардың бірқатар талап-тілектері мен ұсыныстары айтылды. Айтап айтар болсақ банктердегі несие пайызының тым жоғары болуын, қаладағы білім және денсаулық саласындағы шиеленіскен мәселелерді, жастардың жат діни ағым жетегінде кетушілігі алаңдатып отырғанын жеткізді.
Одан соң мандат иелерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, елдің ахуалын билік өкілдеріне жеткізе беруіне тілектестік білдірді.
Сонымен бірге, осы күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутатттары Балабиев Қайрат, Байтілесов Нұрсұлтан Түркістан қаласында болып, жергілікті жастармен кездесті. Жастардың талап-тілегін тыңдау үшін Түркістан облыстық жастар орталығында арнайы кездесу өткізді.
Аталмыш кездесуге Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы,
Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Арыстанов Сүлеймен, Шойбеков Бекарыс, Инара Намазбаева және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы қатысты.
Кездесу барысында халық қалаулылары қазіргі таңдағы қоғамда белең алған мәселелердің бірі “Лудоманияға” қатысты заңнамалар мен таныстырды. Атап айтатын болсақ, Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу бойынша қызмет цифрлық форматқа ауыстырылып, енді «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді болды. Енді Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеуге өтініш бере алады. Жаңа қызмет өтінімдерді өңдеуге кететін уақытты айтарлықтай азайтады және құмар ойындардан бас тарту процесін жеңілдетеді. Бұл кез-келген азаматқа, әсіресе шамадан тыс ойнауға бейім адамдарға, ҚР юрисдикциясы аясында лицензия алған барлық ресми ойын алаңдары мен онлайн-букмекерлік платформаларды қолдануды шектеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жиын барысында жастардың талап-өтініштерін тыңдап, олардың тарапынан қойылған көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Пікір жазу