Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті

Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков , қала әкімінің орынбасарлары Талғат Байжанұлы, Мекенхан Қозыханұлы және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында күн тәртібіндегі 2 мәселе қаралды.
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/50-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы №40/204-VI «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Жиын соңында депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселеге байланысты біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды
Сонымен бірге, кеше Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияның біріккен отырысы өткен болатын. Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отқан комиссия отырысына қала әкімінің орынбасарлары Талғат Байжанұлы, Мекенхан Қозыханұлы мен Байдулла Оразбекұлы және қалалық мәслихат депутаттары және де дербес бөлім басшылары да қатысты.
 Тұрақты комиссиясының біріккен отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/50-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы №40/204-VI «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Комиссия отырысы соныңда қалалық мәслихат депутаттары пікір алмасып, көкейтесті сұрақтары қойылды. Бөлім басшылары өз кезегінде сұрақтарға жауап берді.

Пікір жазу