Бүгін Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылғы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша халықпен кездесу болып өтті.
Аталған кездесуге Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат, Сауран алқабына қарасты депутаттар Тажибек Мусаев , Бақдаулет Тұрманов,Данияр Мусабеков және Мұсабек Құлбатыр қатысты
Өтемісұлы көшесі мен Нысанбаев көшелерінің қиылысында, Б.Майлин көшесінің тұйығына трансформатор 2024 жылдың қаңтар айында қойылды, сәуір айында іске қосылды.
Жангельдин көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жандандырылды. Орындаушы мердігер ЖШС «Отау» Шымкент қ.
Мыңбасы көшесінің тұйықтары, Ондасынов көшесінің тұйықтарына, Юлдашев көшесіне, Абылайхан көшесінің тұйықтарына, М.Төлебаев көшесіне жарықшам бағаналары қойылды. Орындаушы мердігер ЖШС «Ақсемсер» Шымкент қ.
Сауран т/а қарасты көшелерге көше атауы жазылған тақтайшалар ілінді, атап айтсақ Т.Рысқұлов көшесі, О.Даулетбайұлы көшесі, Ж.Сайн көшесі, М.Төлебаев көшесі, Шорнақ көшесі және т.б.
Сауран т/а қарасты кәсіпкерлік нысандардың ретсіз жарнамаларын алдырттық. Праим кафесінің алдындағы жол бойындағы жарықшам бағаналарына гирляндалар алынды, Евразия қонақ үйінің ескірген жарнама тақтайшасы өзгертілді.
Мөлтек ауданның жай-күйін жеткізген тұрғындар кезекпен мәселелерін баяндады.
Байтұрсынов көшесіндегі екі жағындағы талдарды қысқарту қадет, қоғамдық көліктерге кедергі келтіретіні, Жарылқапов көшесінен темір жолдың арғы бетіне өтетін бір ғана көше бар, сол жерге аялдама қойылса деген ұсынысым бар екендігін, Н.Абдиров көшесін , кәріз жүйесінен кейін қалпына келтіріп берсе деген мәселелерін көтерді.
Мәселелерін баса назарға алған депутаттар өтініштерді жеке-жеке тиісті бөлімдерге жеткізе отырып, оң шешімін табатындығына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.
Сонымен бірге, қалалық мәслихат депутаттары қаладағы Бірлік секторы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылғы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша Бірлік секторында кездесу болды.
Кездесуге Түркістан қалалық мәслихаты төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала әкімі орынбасары Төлегенов Талғат және қалалық мәслихат депутаттары Бірлік секторына қарасты Тәңірбергенов Дәурен, Аюпов Данияр және қалалық мәслихат депутаттары Тұрманов Бақдаулет, Мұсабеков Данияр және Мұсабек Құлбатыр қатысты.
Жиын барысында тұрғындар көп уақыттан бері қордаланып келген өтініштері мен бұйымтайларын азаматтар қабылдау барысында айтты.
Өз кезегінде өтініш иелері аталмыш аймақтағы стадионның жөңдеу жұмыстарын жасау және қоғамдық көлік мәселелерін баяндады, мектептің алдындағы аяқжол мәселесі, Изатуллаев мектебінің алдындағы тұрақ қойылуы, балалар алаңқайларының саны көбейтілсе деді. Сонымен қатар, азаматтар тарапынан абаттандыру мен қоқыс мәселелер көтеріліп, баяндалды.
Өтініштер легімен толық танысып шығып , мәселелері бойынша тиісті бөлім мамандарына ұсыныстар білдірілді, бірнеше өтініштер бойынша депутаттық сауалдар жолдайтындықтарын хабарлады.