ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Тұрсынбайұлы Абдиевпен бірге Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Жамила Төреханқызы, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Арыстанов Сүлеймен және Инара Абдиғаппарқызы болып «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. 2021 жылы құрылған мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға арнаулы әлеуметтік және сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталық қарттар және зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Орталықта «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі, «TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқан азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Орталықта 12 түрлі көрсетілетін қызметтер мен курстар бойынша қызмет ұйымдастырылуда. Оның ішінде: Еңбек терапиясы, ән мен емдеу терапиясы, школа войлока, психотренинг сабақтары, «Айкуне» гимнастикасы (адам омыртқасына шығыс медицина бойынша емдік денешынықтыру), «Йога» (адамның өз психикасын және дененің физиологиялық процестерін бақылау жаттығулар), скандинавиялық таяқтармен серуендеу(жүрек тамыр жүйесін нығайтудың, бұлшық еттердің тонусының және күш пен қуат алудың тәсілі), терапиялық жаттығу бөлмесі (Лечебно-физиотерпевтический кабинет), массаж жасау, менталды арифметика (ойлау қабілетін дамыту), әлеуметтік демалыс қызметі (шахмат, бильярд, экскурсия т.б) түрлері бар.
Әлеуметтік қызметтер орталығының жұмыс барысымен танысып, орталықтың демалушы қарияларымен жүздесіп сүбелі сұхбат жүргізді. Жиын барысында қариялар көп уақыттан бері қордаланып келген өтініштері мен бұйымтайларын қабылдау барысында айтты.
з кезегінде өтініш иелері өкіметтен үй кезегінде тұрған мүгедектерге қандай жеңілдіктер бар екендігі, аталған мекемеге парафин массаж, аяқ массажы, велотренажерлардың, және демалыс орындарына жеткізетін көліктін керек екендігі мен емханаларға портал туырлау қиын екендігін, құмар ойындарын ойнайтын онлайн кредит алатвн жастардың көптігі мен оларға қатысты заң мәселелері жайында, 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттен арнайы қаржы қаралып, ғимараттар салынса деген мәселелер көтеріліп, баяндалды.
Өтініштер легімен толық танысып шығып , мәселелері бойынша ұсыныстар білдірілді, бірнеше өтініштер бойынша депутаттық сауалдар жолдайтындықтарын хабарлады.