«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тұран – Иран руханиятындағы Қожа Ахмет Йасауидің орны» атты семинар өтті.
«Мұсылмандар өміріндегі ирфан мен сопылықтың маңызы» тақырыбында баяндама жасаған Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Орталығының директоры, доктор Сейіт Жәуад Жәлоли Йасауи ілімі түбі бір түркі халықтарын ортақ дүниетанымға ұйыстыра білді деп атап өтті. Тұран – Иран руханиятындағы Йасауи ілімі қазіргі қазақ қоғамына рухани бағдар болатынына сенім білдірді.
Шаһид Беһешти университетінің профессоры, доктор Әли Әмир Чинори «Диуани хикмет» пен парсы поэзиясындағы Халлаж бейнесі» Йасауи ілімін оқыту, зерделеу, зерттеу және ілімін орнықтырудың қажеттілігін сөз етті.
Қ.А.Йасауи атындағы ХҚТУ-нің Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Досай Кенжетай дін мен тариқат ұғымдарына тоқталып, Йасауи танымының қалыптасуындағы сопы Мансұр Ал – Халлаж туралы деректерге тоқталды.
Қожа Ахмет Йасауи бүкіл Ислам әлемінің тұлғасы. Түркістан облысына келіп семинар өткізудегі мақсат – Йасауидің Тұран – Иран әлеміндегі орның айқындап беру болатын. — деді, Сейіт Жәуад Жәлоли
Тарихшы, журналист Құралбек Ергөбек Йасауидің шәкірттері туралы әңгімеледі.
Әл-Фараби ҚазҰУ Түрксой кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Төрәлі Қыдыр бүгінгі йасауитанудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Йасауидің еңбектері, шәкірттері, жалпы йасауитану ғылымы жайында ой өрбітті. Семинарды тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Анарбаев жүргізіп отырды.