Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНДА ҚАРҚЫН АЛДЫ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНДА ҚАРҚЫН АЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын тілге тиек етіп, биылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын.

Бүгінде көптеген азаматтардың қаржыны қалай басқару керектігін, «несие» алу барысындағы сауаттылық жөнінде нақты біле бермейді. Соның салдарынан адамдардың банк пен микроқаржы ұйымдарына берешектері көп. Сондықтан, «AMANAT» партиясы «Halyk Bank» бастамасымен жүзеге асыратын «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы  аясында облыс деңгейінде қарқынды жұмыстар жүргізуде.

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы – ауыл, қала тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірленген жоба. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, несие қарызының санын азайту жолдарын, қаржы пирамидасы мен түрлі алаяқтардың әрекетін қалай анықтауға болатынын түсіндіруде.

Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аудан аумағында қарқынды қолға алынуда. Аталмыш оқу семинары 30 қыркүйек — 4 қазан аралығында Ақсукент ауылдық округіне қарасты № 7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінде өткізілді.
Семинар барысында «Ұлы дала» ассоциациясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, кәсіпкер Айгерім Амиралиева 167 ауыл тұрғынына арнайы дәріс оқыды. Қаржылық бағыттағы шараға қатысқан Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және «Аmanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов 155 азаматқа сертификаттар табыстады.
Сондай-ақ, Ақсукент ауылдық округінің әкімі Мади Нұрлыбаев, «Аmanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының консультанты Гуломжон Ирискельдиев, «N°7 Бабыр» жалпы орта мектебінің директоры Луиза Малабаева, білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гульнар Нуртанова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлсара Ташимова, Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы Бекзада Махажанова аталған жобаға белсене атсалысты. Бұдан бөлек, «Шымкент шоу» жане «Шаншар» театрының әртістері Қарлығаш Ахметова мен Күннұр Қалмырзаева қатысушыларды құттықтап, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Семинар соңында Айгерім Алиқызы ауыл тұрғындарына банк есепшоттары және несиелерге қатысты мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Ақсукент ауыл округінде өткен семинарға қатысушылар қаржатын тиімді басқаруды және шығындарды оңтайландыруды үйренді. Мәселен, несиені қай банкте рәсімдегені немесе несие шартының түпнұсқасы қайда жатқаны көп адамның есінде жоқ. Жобаның кеңесшілері азаматтарға банктер мен шағын қаржы ұйымдары алдындағы мерзімі өткен берешектерді реттеу бойынша кеңес береді, әрі қарай бизнесті жоспарлауға және жұмысқа орналасуға көмектеседі. Семинарда алған білімдері қаржылық сауаттылықтарын арттыруда біршама септігін тигізді деген ойдамыз.
Айта кетейік, халықтың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған оқу семинары Ақсукент ауыл округінде 7-11 қазан аралығында жалғасын табады.

Пікір жазу