Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІ ШЕШІЛУІН ТАПСЫРДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІ ШЕШІЛУІН ТАПСЫРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қасымбек датқа ауылының Жаңақұрылыс аумағындағы 205 га жер телімін инфрақұрылым жүйелерімен қамту бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұдан бөлек, ауылдық округ әкімі Есбол Дүйсебаев пен жауапты тұлғалармен бірге газ құбырын тарту, жол салу жұмыстары туралы тұрғындар үшін түйткілді мәселені талқылады.
Қазіргі таңда аталған аумаққа ауыз су және электр жүйесі жүргізілген. Ал табиғи газ жүйесінің жобасы мен тас төсеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, бүгінде тұрғылықты халық қатты отын (көмір) түрін қолдануда.
Аудан басшысы Арман Сәбитұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сондай-ақ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы секілді бірқатар бөлім басшыларына ауылдық округінің әкімімен бірлесе, Жаңақұрылыс аумағының құрылыс жобаларын пысықтау үшін қайта қарау қажеттігін айтты. Бірінші кезекте халыққа қажетті инфрақұрылым жұмыстарының тиімді жолдарын қарастыруды тапсырды.
Сайрам ауданы әкімінің баспас

Пікір жазу