Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен облыс әкімі Дархан Сатыбалдының №118 хаттамалық тапсырмасының орындалуы бойынша жиын өтті. Аталған мәжіліске ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасарлары Шухратулла Убайдуллаев пен Мадияр Оразалиев аудан аумағындағы заңсыз құрылыс бойынша баяндама жасады.
Атап айтқанда, аудан аумағында нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан нысандарға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары және Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы мамандарының бірлесуімен зерделеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.
Нәтижесінде нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан және қызыл сызықта орналасқан нысандар анықталып, аудандық соттың өндірісі мен Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасына тиісті шара көру ұсынысхат жолданғанын баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы ауыл округ әкімдері мен аудандық жер қатынастары бөліміне анықталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінде орналасқан тұрғын үйлерді заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Ал жеңіл конструкциялы нысандарды алдыру бойынша ауылдық округ әкімдіктеріне заң аясында тиісті жұмыстар атқару үшін ұсыныс енгізу қажеттігін айтты.