Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Сайрам ауданы әкімінің аппарат басшысы Айбек Ақылбекұлының төрағалығымен облыс және аудан әкімінің берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша мәжіліс өтті. Басқосуға салалық бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиында мемлекеттік органға келіп түскен құжаттар мен тапсырмалардың заңға сәйкес мерзімінде орындалуы талқыланды. Мәжіліс барысында аудан әкімдігінің тиісті бөлімше басшыларының баяндамаларының негізінде тиісті салаға жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстар барысы тыңдалды.
Атап айтқанда, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша берілген тапсырмалар, заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз-шағымдардың мерзімінде орындалуы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Жиын соңында қатысушылардың қозғалған тақырыпқа қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Аудан әкімінің аппарат басшысы тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауға алу қажеттігі ескерілді.

Пікір жазу