Сайрам ауданы әкімі А.Сәбитовтің Қайнарбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында, Шымкент қаласынан Қасымбек датқа ауылына кіреберістегі КХ-37 «Шымкент-Шаян» бағытындағы облыстық маңызы бар жолға жаңадан орнатылған жарық шамдарды іске қосу мәселесі көтерілген болатын.
Осыған орай, жарық шамдарды қосуға рұқсат құжаттар рәсімделіп, бүгін аталған жолдағы жарық шамдар іске қосылды.