Тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында аудан әкімі Арман Сәбитовтің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қалыпты үрдіске айналған жеке қабылдау барысында азаматтардың қордаланған мәселелері қозғалды.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй алу, аялдама орнату, ауыз су құбырын тарту, жер телімін алу, жол жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелерін жеткізді.
Әрбір сұрақтарға аудан әкімі мен жауапты сала басшылары тарапынан заң аясында жауаптар берілді. Сондай-ақ, сала басшыларына мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру бойынша тапсырмалар жүктелді.