Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Арыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықтың көкейіндегі мұң-мұқтажын тыңдады.
Кездесуде аудан басшысы тұрғындарды алаңдатқан бірқатар түйткілді мәселелерді көтеріп, олардың шешілу жолдарын қарастырды. Азаматтар әлеуметтік, инфрақұрылымдық салалардың қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтарын қойды.
Атап айтқанда, Қожақорған ауылы, Ж.Меңлібаев көшесінде электрмен жабдықтау жүйесін жаңарту және оның тиімділігін арттыру мәселесі көтерілді. Тұрғындар электр энергиясының тұрақтылығына және сапасына қатысты алаңдаушылық танытты.
Сондай-ақ, тұрғындар Ж.Меңлібаев көшесін сапалы ауыз сумен, ал, Жаңақұрылыс аумағын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Кездесу соңында Арман Сәбитов инфрақұрылымдық жүйелердің жеткілікті болуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына оң әсерін тигізетінін атап өтіп, бұл мәселелер бойынша әкімдік тарапынан тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі