Сайрам ауданы — облысымыздағы экономикалық әлеуеті жоғары, халық көп шоғырланған ірі аудандардың бірі. Бүгінде Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Ағымдағы жылдың 9 ай көлемінде межеленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілген.
Аудан аумағы 114 761 гектарды құрайды, 11 ауылдық округ, 42 елді мекеннен тұрады. Ауданда 239 мыңнан астам халық бар, бұл жалпы облыс халқының 11%-ын құрайды.
2024 жылдың 9 айдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоспарға сәйкес орындалды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, бюджеттің кірістер бөлігін ұлғайтуда жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Сайрам ауданына биылғы жылдың 9 айдың қорытындысымен 51,0 миллиард теңге инвестиция тартылды. Тартылған инвестицияның 38,6 миллиард теңгесі жеке инвестиция. Өткен 2023 жылдың 9 айында 38,9 миллиард теңге инвестиция тартылған болатын. Биылғы көрсеткішке сай ауданға инвестиция тарту көлемі едәуір ұлғайған.
Сонымен қатар, аймақта аудан бюджетінің өзіндік кірістері де едәуір артқан. 2024 жылға өзіндік кірістер жоспары
11,2 миллиард теңгені құраса, шағын кәсіпкерлік нысандарына түгендеу жұмыстарын жүргізу, мүлікті қайта бағалау және басқа да атқарылған іс шаралардың нәтижесінде 3 жылда өзіндік кірістер көлемі 5,5 миллиард теңгеге, яғни 2 есеге ұлғайып отыр. Өз кезегінде кірістердің ұлғаюы ауданның әрі қарай дамуына септігін тигізуде.
2024 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер көлемі 21,8 миллиард теңгені құрады, оның 11,2 миллиард теңгесі өзіндік кірістер болса, 10,5 миллиард теңгесі трансферттер сомасы.
Биылғы жылы 9 айда аудан бойынша барлығы 203,1 миллиард теңгеге жалпы өнім өндіріліп, өсім 119,2%-ды құрады, Дәлірек айтар болсақ, 2023 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 170,4 миллиард теңгені құраған болатын. Жалпы өнімнің 53,5%-ы ауыл шаруашылығына, 20,2%-ы өнеркәсіп саласына, 17,5%-ы сауда, 8,8%-ы құрылыс саласының үлесінде.
Сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызы бар салалар жергілікті билік назарынан тыс емес. Мәселен өнеркәспі, шаруашылық салаларын қарқынды дамытуда тұрғындардың да атқарар рөлі ерекше. Ал ауданды жарықтандыру, газ, ауыс-су мәселелері кезең-кезеңімен орындалып келеді.