Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙРАМ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аудан аумағын ағын сумен тұрақты қамту туралы жиын өтті. Аталмыш жиынға ауылдық округ әкімдері, тиісті сала және дербес бөлім басшылары қатысты.
Басқосу барысында Сайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Әмзе Қалмұратов аталған тақырыпқа қатысты баяндама жасады.
Атап айтқанда, «Ақсу» МКК бойынша 2024 жылы атқарылатын іс-шараларға тоқталды. Аудандағы мемлекет меншігіндегі каналдардың жыл сайын 2-3-еуін облыстық бюджет есебінен бетондау және ағымдағы жөндеу, механикалық тазалау және тағы басқа жұмыстарға қаржы бөлдіру мақсатында «Бюджеттік Кодекс» бағдарламасын енгізу секілді өзекті мәселелерді атап өтті.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы суғару нормалары мен мерзімдерін уақытылы бекітуді, су пайдаланушыларды толық келісім шартқа тұрғызуды, суды келісім шартта көрсетілген лимитке сәйкес және ысырапсыз пайдалануын және уақытылы төлем жасауын тұрақты қадағалауды жүктеді.
Сондай-ақ, ауыл әкімдерімен бірлесіп, ауыл тұрғындарынан үй іргелік жерлерге пайдаланған ағын суға төлем жиналуын тұрақты ұйымдастыруды, облыстық бюджеттен қаржы бөлуге каналдардың қажетті құжаттарын ұсынуды және салық пен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы төлеп тұруды айтты.
Сонымен бірге, аудан әкімінің төрағалығымен аудан аумағында су үнемдеу технологиясын тұрақты түрде ендіру туралы жиын өтті. Аталмыш жиынға ауылдық округ әкімдері, тиісті сала және дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахадир Олжаев аталған тақырып аясында баяндама жасады.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 696 гектар жерге су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстары атқарылып жатқанын баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы аудан аумағындағы су пайдаланушыларға тамшылатып, жаңбырлатып суғару тәсілін ендіруді тұрақты түрде түсіндіруді тапсырды.
Бұдан бөлек, аудан басшысы Арман Сәбитовтің төрағалығымен өткен жиында құрылыс жұмыстары бюджет есебінен қаржыландырылатын бірқатар бөлімдердің жұмыс барысы қаралды.  бойынша жиын өтті.
Жиын барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тағысын тағы бірқатар бөлімдер құрылысы үшін қаралған қаржылардың игерілуі жайлы көрсеткіштерге тоқталды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі берілген тапсырмалардың орындалу барысын ұдайы бақылауға алатынын айтты. Алдағы уақытта да жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу керектігін жеткізді.

Пікір жазу