Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАРАСУ АУЫЛЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН СПОРТ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАРАСУ АУЫЛЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН СПОРТ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

Сайрам ауданының жастары көптеген спорттық сайыстарда жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Осыған орай, аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға қолдау таныту, спортшыларға серпіліс сыйлау мақсатында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сайрам ауданына жасаған іссапары аясында Қарасу ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Сапар барысында аудан басшысы Арман Сәбитовпен және жауапты тұлғалармен бірге спорт нысанының жағдайын жіті саралады. Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне тез арада берілуін тапсырды.
Аталған нысанның қажетті қаржысы бюджеттен қаралып, құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде «ЮгТехНадзор» ЖШС техникалық қадағалауындағы «НурТехСервис» ЖШС мердігер мекеме тарапынан іргетас құю, қабырға қалау, шатыр жабу жұмыстары толық аяқталды. Алдағы уақытта сыртқы әрлеу және электр желілері мен жылу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп, спорт кешені биыл тамыз айының соңында пайдалануға берілу жоспарлануда.
Жалпы аудан аумағында 406 спорттық нысан жұмыс жасайды. Оның ішінде: 109 спорт зал, 266 спорттық алаң, 2 стадион, 3 спорттық кешен, 1 жүзу бассейні, 1 оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталық, 2 теннис корты, 21 жабық футбол алаңдары (ангар типті) бар.

Пікір жазу