Әрбір елді мекен халқының инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілуін ескерген аудан басшысы Арман Сәбитов ауылдық округтерге арнайы ат басын бұрып, инфрақұрылым жүйлерінің халық иігілігіне сапалы жүргізілуін үнемі бақылауда ұстауда.
Тұрғындарды толғандырған газ, су жүйесі және электр желілері бойынша ұсыныс-мәселелерді тиісті мамандармен бірге талқылап, жауапты тұлғаларға бұл іске ұқыптылық танытуды тапсырды.
Биыл инфрақұрылым жүйелдерімен қамту бойынша 16 нысанға 1,2 миллиард теңге бөлініп, 163 га жер аумағына инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде (Қарасу-106,2 гектар, Қосбұлақ- 24,8 гектар, М.Оразалиев-10,06 гектар, Қожақорған-22 га жер телімдері).
Оның ішінде, 6 жоба ауыз суға, 4 жоба табиғи газға, 5 жоба электр желілерін жүргізуге, 1 жоба жол құрылысына қатысты жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылдың 9 айында 4 нысан пайдалануға берілді (Қарасу 50,0 гектар — газ 29.07.2024 жылы, Оразалиев 10,06 гектар газ, электр желісі 30.07.2024 жылы, Қосбұлақ 24,8 газэлектр желісі 22.08.2024 жылы).
Тұрғындармен кездесуде және жеке қабылдауларда жиі толғандыратын мәселелердің бірі – тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторлар.
Өңірге қарасты 42 елді мекен толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілген.
Электрмен жабдықтау жүйелерін дамыту іс-шарасы бойынша 2,6 млрд.теңгеге 8 елді мекеннің электр жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Арыс ауыл округі Қожақорған, Нұржанқорған ауылдарына электр жүйелерінің құрылысына жобалық құжаттамалар әзірленді, құны 286,2 миллион теңге.
Халықты таза ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы тұрақты бақылауда.
Биыл 221,4 миллион теңгеге 9 елді мекеннің (Көлкент, Қосбұлақ, Низамабад, Ошақты, Сарыарық, Теспе, Тоған, Ханқорған, Қасымбек Датқа) ауыз су жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде.
100 млн.теңгеге Жібек жолы ауылының су құбыры желісі күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, тұрғындардың 80 пайызынан астамы құдық суын пайдаланып отырған Қарабұлақ ауылына (10606 тұрғын үйдің
8697-і(82%) құдықтан, 1909-ы су ұңғымасынан су алады) құны 9,3 млрд теңгеге құжаттама әзірленіп, биыл 500 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
Ал, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарына (1865 тұрғын үйдің 1500-ы (80,4%) бұлақ, құдықтан, 365 үй су ұңғымасынан су алады) құны 3,0 миллиард теңгеге су жүйелері құрылысына жобалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға жоғарғы бюджетке ұсынылды.
Табиғи газбен қамту үшін 2023 жылы 1,5 миллиард теңгеге 6 елді мекеннің газ жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, Ақарыс,
Оймауыт, Ақсуабад ауылдарының құрылысы аяқталған болатын.
Газ құбыры жүргізілген Ақсуабад, Шапырашты, Береке (1200 абонент) елді мекендері көгілдір отынға қосылып, нәтижесінде, аудан бойынша 37 елді мекен табиғи газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 81 пайыздан 88 пайызға жетті.
Биыл Құтарыс пен Қызылжар және Көлкент елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2025 жылға өтпелі.
Аудан аумағында 1 298 шақырымды құрайтын жолдар болса, оның 70%-ы қанағаттанарлық жағдайда.
Биылғы жылы 2,4 миллиард теңгеге жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтеді (401,3 миллион теңге — 2 жол күрделі жөндеу, 1,9 миллиард теңге — 58 көше орташа жөндеу, 30,0 миллион теңге — 5 көше ағымдағы жөндеу).
Нәтижесінде, ішкі жолдардың қанағаттанарлық үлесін 72,8 пайызға жеткізу күтілуде.
Ағымдағы жылы аудан орталығын абаттандыру жұмыстары қолға алынуда. Ақсу ауылындағы Абылайхан көшесін абаттандыру мен қайта құру, Мәртөбе гүлзарын қайта жаңарту, Ынтымақ гүлзарын қайта жаңарту және Қ.Жандарбеков көшесіндегі Арбат құрылысы жұмыстары жүргізілуде.