Қоғамда, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов бекітілген кестесіне сәйкес, аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан жер қатынастары, жер учаскелерін сату-сатып алу және сәйкестендіру құжаттарын қарау, Сайрам ауданы бойынша елдімекендердің шегі өзгеруіне байланысты елдімекендердің жер-шаруашылық құрылымын анықтау, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық жүйелер жүргізу, сондай-ақ, Сайрам ауданында ЭКО бақ құру мәселелері талқыланды.
Әрбір тұрғынның мәселесін тиянақты тыңдаған аудан әкімі жауапты сала басшыларына мәселелерді зерделеп шешуді тапсырды.
Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.