Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ, ЖОЛ, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

САЙРАМДА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ, ЖОЛ, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

«АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исаковтың бастамасымен, ауданға қарасты жол, құрылыс нысандарды ПБК мүшелерімен аралады. Бірінші болып, Сайрам аудандық мәдениет үйіне қарасты, Ақсукент ауылы, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бөлім тарапынан 2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында, жобалық сметалық құжаттамаға тапсырыс берілген. Жобалаушы «Корпорация Асыл-Строй» ЖШС, 1 078 486, 08 теңгені ұтып алып, ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қортындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны 104,0 млн. теңгені құрайды. Тапсырыс беруші, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқарамасы арқылы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына, Ақсукент ауылы, Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына ұсыныс берілген. Нәтижесінде, 2024 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында, республикалық бюджеттен 104,0 млн. теңге қаралып, Сайрам аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізген. Мердігер мекемесі, «EMAAR» ЖШС конкурсқа қатысып, 94 637530,90 теңгені ұтып алған. Жобалаушы «Корпорация Асыл-Строй» ЖШС, 1 078 486,08 теңге. Техникалық қадағалаушы «Су Жоба Құрылыс» ЖШС, 2 807 915,04 теңге. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Ш.Қалдаяқов мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына, күрделі жөндеу құжаттамасы жасалып, сараптама қорытындысы алынған. «Корпорация Асыл-Строй» ЖШС 2024 жылы жосықсыз деп танылғандықтан, күрделі жөндеу жұмыстарының авторлық қадағалауын жүргізу «Инвестиционно Консалтинговая Группа СOSMOS ART» ЖШС- не жүктелген. Күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде аяқталған. Сапа жағынан, ПБК мүшелері, Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, «АМАNАТ» партиясының фракция мүшелері Ержан Асқаров, Марат Дәлбеков, Камолиддин Тажиев, Асанали Керимов, Бегжан Алимжанов тарапынан, құрылыс жұмыстары анықталғаны. Ғимараттың ішкі жұмыстары, есік терезелері стандартқа сай орнатылмаған, едендері сол баяғы ағаштан жасалған бойынша, ауыстырылмаған немесе боялмаған. Жалпы бөлінген қаржыға, күрделі жөндеу жұмыстары аудан мәслихатының депутаттарының және ПБК мүшелерінің тексеру, бақылау жүргізу барысында, халық қалаулыларының көңілінен шықпағаны белгілі болды. Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәулет Алашбаевқа, қатар ұсыныстар мен ескертулер берілді. Тұрғындардың арыз-шағымдарына орай, Ақсукент ауылы, Б.Шолақ, Әл-Фараби, Абылайхан көшелері бойында цементтен, түрлі құбырлардан және тағы басқа заттан қолдан жасалған (лежачий полиция) жол бекеттерімен танысты. Бұл мәселелер бойынша, Сайрам аудандық Полиция басқармасының ЖЖ ТИТ мемлекеттік көлік инспекторлары (технадзор) Полиция майоры Нұрбол Қуанышбеков, Полиция лейтенанты Алишер Юлдашев, Көрікті Сайрам мекемесінің бөлім басшысы Нұржан Субханбердин, аудандық жолаушылар және автомобиль бөлімі ММ инспекторы Исатай Бағжан және Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Ажибеков шақырылды. Комиссия мүшелері тарапынан бөлім басшыларына ұсыныс беріліп, алдағы уақытта заңсыз орнатылған жол бекеттерін алып тастауға және талапқа сай орнатуға уақыт берілді. Мекеме басшылары 15 күннің ішінде аталған көшелердің жолдарын, жол белгілерін орнатып беруге уәде етті. Келесі көше, Ақсукент ауылы, Беспаев көшесінің жолдарымен танысты. Беспаев көшесінің жолдары (асфальт) бүгінде тозығы жеткендігі туралы, Көрікті Сайрамға жолды қалпына келтіру үшін депутаттардан ұсыныс берілді. Бөлім басшысы Н.Субханбердин ескеріп, алдағы уақытта жолдарды қалпына келтіру жөнінде, жұмыс атқаратындығын айтты. Ақсукент ауылдық округінің орталығы, Жибек Жолы көшесі бойындағы, «ЖАН» жанармай құю бекетінің қасындағы (асфальт) жолдың сапасымен танысып қайтты. Бүгінде жолдың сапасы төмен болғандықтан, облыстық мәслихат және аудандық мәслихатының депутаттары, Сайрам аудандық жолаушылар және автомобиль бөлімі ММ-не және Түркістан облыстық басқармаға сапасыз төселген жолдарды қалпына келтіруі туралы, талапқа сай болмағандықтан депутаттық сауалдар жолданатын болды.
Сайрам аудандағы құрылыс нысандар Мәслихат депутаттарының және ПБК бақылауында.

Пікір жазу