Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ҚҰТАРЫС ЖӘНЕ ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ ҚАРАСТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

САЙРАМ: ҚҰТАРЫС ЖӘНЕ ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ ҚАРАСТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исаковтың бастамасымен, ПБК мүшесі Серік Ибадуллаев, Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Бегжан Алимжанов, Ержан Асқаров, Ганишер Раймкулов және Құтарыс БПҰ төрағасы Жұмабай Мамеков, Құтарыс және Қайнарбұлақ ауылдық округтеріне қарасты құрылыс нысандар мен жол (асфальт) төсеу жұмыстарының сапасына және мемлекеттен бөлінген қаржыны мақсатты жұмсалып жатқаны туралы бақылау жүргізді. Бірінші болып, Құтарыс ауылдық округіне қарасты, 4 койка-орындық күндізгі стационары заманауи үлгідегі ауылдық дәрігерлік емхананың құрылысына бақылау жұмыстары жүргізілді. Құрылыстың жалпы құны 249,0 млн. теңге. Мердігер мекеме «Строительная компания ЕМААR» ЖШС. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанға дейін. Комиссия мүшелері тарапынан тексеру-бақылау жүргізу қортындысы бойынша, ғимарат жоспарға сай орындалып жатқаны, бөлінген қаржы мақсатты жұмсалып жатқаны, құрылыс жұмыстары өз уақытында және сапалы жүргізіліп жатқаны анықталды. Комиссия мүшелері, құрылыс жүргізіп жатқан мекеме басшыларына бірқатар ұсыныстарын айтты. Ғимарат бөлмелерінде ауаны жаңарту, ауаны желдету құралдары орнатылмаған. Тез арада орнатуға, айтылған кемшіліктер бойынша өз уақытында орындауға тапсырды. Аталған кемшіліктерді мекеме басшылары орындауға уәде етті. Ғимараттың бақылау жұмыстарына, Құтарыс ауылдық округінің әкімі Мырзахан Керімбеков, Қарабұлақ Сайрам аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің м.а Асқар Үмбетов, Қарабұлақ орталық ауруханасының аға медбикесі Перизат Дандибаева, Қарабұлақ орталық ауруханасының заңгері Акбар Абдилахатов және Құтарыс ауылдық емханасының аға дәрігері Серік Сымбат шақырылды. Комиссия мүшелері тарапынан қосымша ұсыныстар берілді. Келесі, Құтарыс ауылдық округі, Оймауыт ауылының ұзындығы 5,4 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «КХ-37» тас жолын, орта жөндеу жұмыстарымен танысты. Жобаның жалпы құны 307,357 млн. теңге. Мердігер мекеме «ЕL-KZ 2020», жол салу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталуда. Комиссия тарапынан ЖШС басшыларына бірқатар кемшіліктер де айтылды. 1. Ағын су өткеліне орнатылған 1000-дық құбырлардың бас жақтарына 4 данасы. 2. Қиылысқа жол (асфальт) төсемін талапқа сай төселу керек екендігін.
3. Ағын су жиналмас үшін, тереңдетілген арық салу керек екендігі ескертілді. Мекеме басшылары, айтылған кемшіліктерді назарға алып, уақытылы жұмыс атқаратындығын уәде етті. Келесі нысан, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты, Әсіл арық ауылы, 300 орынға арналған № 49 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде, мектептің құрылыс жұмыстары жоспарға сай орындалғаны, мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалғаны және құрылыс жұмыстары сапалы орындалғаны анықталды. Комиссияның тексеру-бақылауына, Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Куралбеков және аудандық білім бөлімі қатысты.

Пікір жазу