Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА ШЕШІМІН ТАБУДА

ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА ШЕШІМІН ТАБУДА

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлының жеке қабылдауы болып өтті.
Қабылдауға «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Атқарушы хатшысы Сыздықов Қуаныш қатысты.
Бірінші өтініш иесі Акрамов Батирбек ІІ топтағы мүгедекті бар, қайтарымсыз грант алу арқылы кәсіп ашып, екі қолға бір күрек болып бос отырмасам деген ниетін жеткізді. Қайтарымсыз грант алуға қандай құжатты талап етілетіндігі түсіндіріліп, биылғы жылға құжат қабылдау аяқталғанын, алайдакелесі жылдың басында қайта басталып жатса оған дейінгі қажетті құжаттары жинап, аудандық Мансап орталығы жетекшілік жасайтындығын жеткізді.
Келесі кезекте Қарасу ауылының тұрғыны Кожатаева Айгуль үй алып беремін деген алаяқтарға алданып үлкен көлемде қаржыға қарызға кіргендігі жайлы өтінішін айтып келді.
Заң аясында полиция басқармасына жолданып заң бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Аталған өтініштер «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы тарапынан бақылауға алынды.

Пікір жазу