Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекітілген жоспарына сәйкес «AMANAТ» партиясы Сайрам аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алипов Мадияр Бақтыбекұлы мен «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Атқарушы хатшысы Сыздықов Қуаныш аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдап, шешілу жолдарын ұсынды.
Қабылдауда аудан тұрғындары тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алу, әлеуметтік төлемдер, мүгедектікке шығу, кредитті төлей алмау және т.б. мәселелері көтерілді. Әрбір азамат мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер заң аясында шешімін тапты.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы бақылауында болатындығы жеткізілді.