Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Еңбек күшін қажет ететін солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды ерікті түрде көшіру мақсатында үгіт-насихат тобы Сайрам тұрғындарымен кездесу өтті.
Делегация мүшесі Павлодар облыстық “Еңбек мобильділігі орталығы” КММ-інің директоры Есембаева Меруерт Сейтбековна және Солтүстік Қазақстан облысының “Еңбек мобильділігі орталығы” КММ-інің директоры Тургельдин Аман Жаксыбаевич Сайрам ауданы тұрғындарын солтүстік өңірлерге қоныстануға шақырды. Сонымен қатар, солтүстік өңірде жұмысшы тобының да тапшы екендігін айта кетті.
Іс-шараға 60-қа жуық адам қатысты. Олардың ішінен қоныс аударуға 11 азамат ниет білдірді.
Кездесу соңында тұрғындар қоныс аудару бойынша кеңестер алып, тұрғын үй, шаруашылық, жұмыс орындары, инфақұрылым туралы сауалдарына толық жауап алды.

Пікір жазу