Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов тиісті басшылармен бірге Ақсукент орталығындағы «Мәртөбе» құрылыс алаңына барды. Мұнда аталмыш алаңды қайта құру бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.
Аралау барысында «Радикон» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Қазіргі таңда құрылысшылар субұрқақ, аяқжол, жазғы сахналық алаңша, балалар ойын алаңшасы, воркаут алаңшаларының іргетасын қалап, автоматтандырылған суғару жүйелерін жүргізуді қолға алған.
Жуырда жаяу жүргіншілердің жайлы жүруі үшін жол бетіне брусчаткаларды толығымен төсеу жоспарлануда.
Аудан әкімі аудан тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық орындарда қолайлы жағдай жасалуы қажеттігін айтты. Және жергілікті тұрғындардың күнделікті өмір сүру барысына кедергі келтірмей, құрылыс жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуді жүктеді.
Жұмыс нәтижесін зерделей келе, салалық басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, аудан әкімі тиісті сала басшыларымен бірге Ақсу ауылы, Абылайхан көшесіндегі абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Аралау аясында «Ынтымақ» гүлзарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын саралады.
Өз кезегінде, тиісті сала басшыларымен аталмыш орындарды өз деңгейінде абаттандыру, көшелерді көгалдандыру және инфрақұрылымдық желілердің толыққанды тартылуы туралы мәселелерді талқылады.
Аралау соңында аудан басшысы жауапты өкілдерге гүлзардың құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша көңіл бөлу керектігін және жұмыс барысын үнемі бақылауда ұстайтынын айтты.