Бүгін – қазақ спортындағы ірі тұлғалардың бірі, ел спортының өркендеуіне бар ғұмырын арнаған арда азамат, Елшиев Балғабай Тезекбайұлының 70 жылдық мерейтойы! Бұл – бір адамның ғана емес, тұтас ұрпақтың, бір өңірдің және бүкіл қазақ елінің мерекесі десе артық айтпас едік. Себебі, Балғабай Тезекбайұлы – өзінің тындырымды еңбегімен, парасатты болмысымен, іскерлігімен еліміздің спорт тарихында өшпес із қалдырған қайраткер.

Балғабай Тезекбайұлы 1955 жылдың 13 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Төлеби ауданына қарасты Тастақ ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әу бастан білімге құштар, спортқа ынталы Балғабай Тезекбайұлы 1975 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын үздік аяқтап, сол жылы Шымкент қаласындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастаған.
Бұл қарапайым қызмет – оның биік мақсаттарға бастар алғашқы қадамы болды. Жас маман ретінде еңбекқорлығы, ұқыптылығы мен әділдігі көзге бірден түсіп, басшылық қызметтерге жол ашылды.
1978–1986 жылдары – дене тәрбиесі және спорт техникумының оқытушысы;
1987–1991 жылдары – облыстық білім басқармасында дене тәрбиесі бойынша мектеп инспекторы;
1991–1994 жылдары – облыстық туризм және дене тәрбиесі мен спорт басқармасы басшысының орынбасары;
1994–1998 жылдары – облыстық жастар ісі, туризм және дене тәрбиесі басқармасының бөлім басшысы;
1998 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысының №2 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылған спорт мектебінің директоры қызметін атқарған;
2006–2020 жылдар аралығы – Оңтүстік Қазақстан облыстық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры.

Бұл кезеңдерде Балғабай Тезекбайұлының ұйымдастырушылық шеберлігі, жаңашыл көзқарасы мен көшбасшылық қабілеті толық ашылды. Ол басқарған мекемелер Республика көлемінде жоғары көрсеткішкер көрсетті.
Елшиев Балғабай Тезекбайұлы басқарған спорт мекемелерінің арқасында қаншама жас талант жарқырап шықты. 2008–2016 жылдары аралығында оның тікелей басшылығымен спортшылар Олимпиада ойындарына 18 лицензия жеңіп алып, Қазақстан спортындағы үлкен жетістіктерге жол ашты:
2008 жылы – 4 лицензия
2012 жылы – 6 лицензия
2016 жылы – 8 лицензия
Мектептің түлектері Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының, Азия ойындары мен біріншіліктерінің жеңімпаздары атанды. Бұл – Балғабай Тезекбайұлының спорт жүйесін терең білетін, жүйелі басқару мен сапалы кадр дайындаудың үздік үлгісі.

Сонымен қатар, 2000–2005 жылдары Балғабай Тезекбайұлы республикалық волейбол және регби федерацияларының төралқа мүшесі болды.
2000–2006 жылдары аралығында оның бастамасымен волейболдан “Қазығұрт”, баскетболдан “МКТУ–СДЮШОР2”,
регбиден “Қажымұқан” командалары құрылып, кейін бұл командалар Қазақстанның жоғарғы лигасында өнер көрсетіп, ұлттық құрамалардың тірегіне айналды.
Балғабай Тезекбайұлы тек спорт саласымен ғана емес, ғылым мен білім саласында да жемісті еңбек етті:
2000 жылы – педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын иеленді,
2004 жылы – «Педагогика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін қорғады,
2006–2020 жылдары – Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында доцент, ұстаз ретінде болашақ мамандарды тәрбиеледі.
Ғылыми зерттеулерінде спорт педагогикасы, жасөспірімдер спортын жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру мәселелерін терең зерттеді.
Балғабай Тезекбайұлының елге сіңірген еңбегі – лайықты бағасын алды:







Бүгін біз Елшиев Балғабай Тезекбайұлын 70 жасқа толған мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – бір ғана адамның ғұмыры емес, тұтас бір дәуірдің спорттық шежіресі.
Ол – тек спорт саласының емес, бүкіл ұлттың рухани байлығына айналған тұлға. Оның тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде ел намысын қорғап жүр, ал ол негізін қалаған жүйе әлі күнге дейін жұмысын жалғастыруда.
Балғабай аға, Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жас ұрпаққа берер тәлім-тағылымыңыз таусылмасын! Қазақ елі Сізбен мақтанады, ұрпақ Сізге қарап бой түзейді!