Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВТІҢ БҮГІНГІ ЖҰМЫС КҮНІ ЖАСЫЛ АЙМАҚТЫ АРАЛАУДАН БАСТАЛДЫ

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВТІҢ БҮГІНГІ ЖҰМЫС КҮНІ ЖАСЫЛ АЙМАҚТЫ АРАЛАУДАН БАСТАЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің бүгінгі жұмыс күні жасыл аймақты аралаудан басталды. Жаңа әуежай бағытындағы жол бойына орналасқан алқап көктемде 8 мыңға жуық көшетпен толықтырылған, – деп хабарлайды Didarbek.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека и дерево
Учаскеде тамшылатып суару жүйесіне түгендеу жүргізіліп, істен шыққандарын ауыстыру қолға алынған. Құбырларды реттеу, арықтарды тазалау бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы тексеріліп, жауаптылардың жұмысы сараланды.
Мұндағы 11 шақырымға созылған жасыл белдеу 7 су сорабы (насос) арқылы суғарылады. Жас көшеттердің топырағын тыңайтып, қосымша суғаруға 5 трактор бекітілген.
Өндірістік парк төңірегіндегі жасыл желектердің жағдайы да мамандардың бақылауында. Бұл аймақ су таситын кезекші көлікпен (водовоз) қамтылған.
Нет описания фото.
Жаңа әуежай тас жолының бойындағы екпелерге су жеткізу мәселесін шешу үшін учаскенің шығыс-солтүстік жақ бетінен жасанды тоған салынып, келетін суды жинайтын арнайы бассейін орнатылған. Су 3 орталық сорап арқылы тамшылатып суару жүйесіне жеткізіледі.
Возможно, это изображение 2 человека
Нұрбол Тұрашбеков жасыл желектерді баптауға жаз мезгіліне арнайы кесте бекітіп, кезекшілік түзуді тапсырды. Сондай-ақ, ағаштарды суғару уақытына өзгеріс енгізу қажеттігін де ескертті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу