Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » МИНИСТР – ЕЛШІ – ӘКІМ…

МИНИСТР – ЕЛШІ – ӘКІМ…

Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына әкім болып тағайындалғанын көп адам құп көрді деуге әбден болады. Өйткені, өзінің туған өлкесін басқаруға кіріспес бұрын-ақ өз есімін Қазақстан Республикасының, қала берді бүкіл әлемнің тарихына алтын әріппен жаздырып қойған азамат екенін бірі білсе, бірі білмейді.
Ел ішінде Жансейіт Қансейітұлы туралы айтылып жүрген жылы пікірлер мен оң әңгімелер баршылық. Солардың бірі – күні кешегі бауырлас Түркия мемлекеті мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастың нашарлап кетуі төңірегінде. Басқасын былай қойғанда, екі оттың ортасында қалып кете жаздаған Қазақ Елінің дана Басшысы, құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің көргендігі мен көрегендігін алға тартып, бір-біріне теріс қарап кеткен екі елдің басшыларын қалай да қол алыстыруды мақсат тұтқан кезінде жәрдемге Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев келді. Бауырлас елдің басшыларымен ұтымды жүргізген келіссөздерінің арқасында Ердоған мен Путин бір-бірімен түсінісіп, төніп келе жатқан тағы бір қауіптің беті қайтарылды. Осы үшін де бүкіл әлем болмаса да, оның жартысынан астамы Жансейіт Қансейітұлына ризашылық сезіммен қарайды. Біздің де алғысымыз шексіз болатыны сондықтан!..
 
Әсет Әссанди

Пікір жазу