Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЕҢБЕК – ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

ЕҢБЕК – ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

Кез келген мемлекеттің қуаты – оның еңбек адамы. Қолымен ел тұрмысын жақсартып жүрген қарапайым жұмысшылар – бүгінгі қоғамның шын батырлары. Ордабасы ауданында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында осындай еңбек майталмандарына арналған кездесулер өтті.
Аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрат Төлебаевтың бастамасымен 10 ауылдық округте «Еңбек адамына құрмет» атты кездесулер ұйымдастырылып, жастар мен ардагерлер бір алаңда жүздесті.
Бұл басқосуларда ауыл шаруашылығы, құрылыс, ұсталық, техникалық мамандық иелері жастарға өз өмір жолын үлгі етті. Қарапайым еңбекпен абырой биігіне көтерілген азаматтардың әңгімелері жас ұрпаққа үлкен серпін берді.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Шара соңында адал еңбегімен танылған азаматтарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Осы сәтте әрбір жиналған жанның жүрегінде: “Біздің елде еңбек еткен адам ешқашан елеусіз қалмайды” деген сенім ұялады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу