Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бәйдібекте мерекеде туылған сәбиге күйші Дәулеткерей есімі берілді

Бәйдібекте мерекеде туылған сәбиге күйші Дәулеткерей есімі берілді

«1 шілде — Ұлттық домбыра күні» мерекесінде туылған ең алғашқы сәбиге Бәйдібек ауданы әкімдігі тарапынан домбыра сыйға тартылды. Сәби мен анасын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев мерекемен құттықтап, арнайы «Алғыс хатпен» марапаттаса, аудандық әжелер алқасының төрайымы Қарашаш Есенбекқызы сәбидің анасына орамал жапты.

Ал, Қазақстанның құрметті журналисі, ауданның «Құрметті азаматы» Серікбай Дәулетбайұлы сәбиге домбыраны сыйға тартып, сәбидің есімін атақты күшідей болсын деп Дәулеткерей қойды.


Аталған шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филлиалы төрағасының орынбасары Тұрсынәлі Қырғызәліұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Қосыбайұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерғали Рахымұлы, «Алғабас» газетінің бас редакторы Абзал Әлішерұлы қатысты.

Дүниеге Дәулеткерей атты ұл баласыналып келген анасы Искандерова Айсұлу, бүгінігі бірінші рет аталып отырған «Ұлттық домбыра күні» мерекесі мәңгі есте қалатының айта келе, аудан басшылығына ризашылығын білдірді. Айта кетерлік, Дәулеткерей атты сәби 1-шілде күні Астана уақытымен сағат 00:15-те дүниеге келген.

Пікір жазу