Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – қала әкімдігінің басты басымдықтарының бірі. Биыл Шымкентте жалпы ауданы 1 млн 375 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 982 мың шаршы метрі қоныс аударуға дайын екені хабарланды, – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Әкімнің айтуынша, биыл 3 808 пәтерлік 61 әлеуметтік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2 574 пәтерлі 34 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға 1 523 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұл шаралар төмен табысты отбасылардың баспанамен қамтамасыз етілуін қамтамасыз етеді және қаладағы тұрғын үй тапшылығын азайтуға бағытталған, — деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

«Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек ретінде табысы төмен 388 отбасыға тұрғын үй сертификаттары табысталды. Сондай-ақ, реновация бағдарламасы аясында апатты деп танылған 12 үйдің орнына 120 жаңа пәтер берілді», – деп атап өтті қала әкімі.

Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін инженерлік инфрақұрылымды дамыту да маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Жаңа үйлер салынып қана қоймай, олардың айналасындағы жолдар, ауыз су, кәріз және электр желілері толық жаңартылуда. Бұл шаралар жаңа тұрғын үй кешендерінде өмір сапасын арттырып, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартады.

Қала билігі сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің жанындағы әлеуметтік нысандар – балабақша, мектеп, спорт алаңдары мен саябақтар салуды да жоспарлап отыр. Бұл шаралар тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді даму бағдарламасының бөлігі болып табылады.

© Didarbek.kz

Пікір жазу