Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: Бозарықта тағы 40 отбасы баспаналы болды

Шымкент: Бозарықта тағы 40 отбасы баспаналы болды

 Шымкентте баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасуда. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен салтанатты шарада пәтер кілті табысталып, 40 отбасы баспаналы болды. Жаң үйлер Бозарық шағын ауданында орналасқан.

Тұрғындарға 1, 2 және 3 бөлмелі, толық әрленген пәтерлер жалға беру тәртібімен берілді. Кейіннен сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Басымдық әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға, оның ішінде жалғызбасты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және толық емес отбасыларға берілді.

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда шаһарда 92 мыңға жуық адам үй кезегінде тіркелген. Оның 36 мыңға жуығы – әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар.

Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Төлебаевтың айтуынша, беріліп жатқан пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Жалдамалы негізде сатып алу құқығымен берілді. Биыл беріледі деп жоспарланған 7000-нан астам пәтердің 3371-і тұрғындарға берілді.

Биыл Шымкентте жалпы 7 386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 3 370-і тұрғындарға табысталды. Қалған баспаналар жыл соңына дейін кезең-кезеңімен беріледі.

Пәтерлер Бозарық шағынауданындағы жаңа үйлерде орналасқан. Көп қабатты үйлер қолданыстағы құрылыс талаптарына сәйкес пайдалануға беріліп, қажет инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

Шымшаһарда баспана беру ісі жүйелі түрде жалғасуда. Былтырдың өзінде осы санат бойынша 1500 азамат жаңа пәтерге қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады. Олардың арасында жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығымен сәсімдегендер де, ипотекалық бағдарламалар арөылы баспаналы болғандар да бар.

Жаңа пәтерлердің табысталуы отбасылар үшін тұрмыстық жағдайын жақсартумен қатар, алдағы жоспарына сеніммен қарауға мүмкіндік беретін маңызды қадам болды. Қоныстанушылар жаңа үйлерде балаларын тәрбиелеп, жайлы ортада өмір сүруге жағдай алады.

Тұрғын үймен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, кезекте тұрған азаматтарға баспана беру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл қала тұрғындарының тұрғын үй мәселесін шешуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталған.

Пәтер кілттерін табыстау – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды іске асырудың тағы бір кезеңі.

 

Пікір жазу