Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент: Ақжар шағын ауданында жаңа балалар ойын алаңы ашылды

Шымкент: Ақжар шағын ауданында жаңа балалар ойын алаңы ашылды

Шымкенттің Тұран ауданындағы Ақжар шағын ауданында жаңа балалар ойын алаңы тұрғындар игілігіне берілді.

Белқұдық көшесі бойында орналасқан нысан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып, оған жергілікті бюджеттен 35 млн теңге бөлінді. Алаң тұрғындардың ұсынысы негізінде салынған.

Тұран ауданында биыл 28 балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Ақжардағы нысан — аудан аумағында ашылған 12-ші ойын алаңы.

Ашылу рәсімінде балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындар жаңа нысанның игілікке берілгеніне ризашылықтарын білдірді.

 

Пікір жазу