Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әр ұлттың бренді» жобасы аясында өз ісін ашамын деген азаматтарға арналған шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, кәсіпкерлер және кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтар қатысты.


Шара барысында облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Global Education Sayram» оқу орталығының директоры Дилором Мирсалиева кәсіпкерлікті дамыту бағытында өз тәжірибесімен бөлісті. Жетістікке жетудің жолдары жайлы ашық әңгіме өрбіте отырып, елімізде бизнеспен айналысамын деген адамға ешқандай кедергі жоқтығын айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды.

Жалпы,  бұл іс-шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белгілі бір кәсіпке маманданған ҚХА мүшелерінің үздік іс-тәжірибелерін өзгелерге үйрету арқылы тұрғындар арасында кәсіпкерліктің өріс алуына жағдай жасауды көздейтін «Әр ұлттың бренді» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жоба аясында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта әр апта сайын ұйымдастырылады.

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу