Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАСТЫҢ ТЫНЫМСЫЗ ТІРШІЛІГІ

ТҮЛКІБАСТЫҢ ТЫНЫМСЫЗ ТІРШІЛІГІ

Түлкібас ауданында 2017 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 68 млрд. 800 млн. теңге, жан басына шаққанда 620,0 мың теңге болып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,9 пайызға артты.

Ауыл шаруашылық саласында өткен жылы 31 млрд. 443 млн. 200 мың теңгенің өнімі өндірілді. 2017 жылы алма бау 383,6 гектар жерге отырғызылды. Мал шаруашылығында «Сыбаға» және «Құлан» бағдарламаларымен 475 мал басы алынды, 261 бірлік мал бордақылау алаңдары ашылып, 82 жанұялық сүт фермалары жұмысын бастады. Аудан көлемінде — 51 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынып, 34 бірлік ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды.


«Веложол құру» Түлкібас поселкесінен – Жабағылы ауылдық округінде орналасқан Асел турбазасына дейінгі веложол құру жобасы. Жолдың ұзындығы – 22,0 км, жоба құны – 145,0 млн. теңге. Аталған 2 жоба бойынша аудан бюджетінен егжей-тегжей жұмыстарына 600 мың. теңге қарастырылып, ары қарай ЖСҚ дайындауға жұмыстар жүргізіледі.


«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданда тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 25 тұрғын үй (немесе 1248 пәтер), 5 елді мекенде 23 көпқабатты тұрғын үй және 690 жеке тұрғын үйлерге арналған жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірленуде, оның ішінде 7 тұрғын үй (320 пәтер) және 1 инженерлік инфрақұрылым құрылысы 2018 жылға жоспарланып жүргізілуде, қалған 18 тұрғын үй (928 пәтер) және 5 елді мекендегі 690 жаңа жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін учаскелерге инженерлік инфрақұрылым құрылыстары 2019 жылы жоспарлануда.

Әсет Әссанди

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу