Ы.Тұрсынзада, А.Бердалин, Ә.Көмекбаев және А.Тастеміров өткізген брифинг барысында Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Оңтүстік өңіріне жасаған екікүндік сапарындағы ойларымен бөлісті. Департамент басшысы Әли Амантайұлы облысымызда құрылған арнайы мониторингтік тобының жұмысына тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы туралы сөз қозғаса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Айдар Нұрманұлы облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар мен нәтижесі туралы баяндап берді.
«Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, ой-өрістеріңізбен бөлісіп және осы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын» деді Департамент басшысы Әли Амантайұлы.
Республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшелері бүгінде Қазақстандық жастар бейбіт өмірде өмір сүріп жатқанын атап өтіп, Елбасы үміт артқан жастарды барлық жағынан белсенді болуға шақырды.
Әсет Әссанди
Азат Дидарбек -тің фоторепортажы