Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖҰМА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ЖҰМА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

24.04.2017 ж. – DIDARBEK.KZ порталында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Болаттемір Алтаевпен «Тереңде жатыр тың тарих» атты сұхбат жарияланды.

Фото Әсета Әссанди.

25.04.2017 ж. – DIDARBEK.KZ порталының тілшілері Мақтарал ауданына ұйымдастырылған баспасөз турына қатысып қайтты. Ауданның жетістіктері туралы аудан әкімі әкімі Ғалымжан Исмаилов әңгімелеп берді.

Фото Оңтүстік Қазақстан Облысының Әкімдігі Акимат Южно-Казахстанской области.

26.04.2017 ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Milliyetçi Hareket Partisi (Ұлтшыл әрекет партиясы) көшбасшысының орынбасары Мехмед Гүналмен кездесті.

27.04.2017 ж. – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

Фото Әсета Әссанди.

28.04.2017 ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Бейнелеу өнері музейінде облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен қазақ ұлттық гобелен өнерінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Құрасбек Тыныбековтың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

29.04.2017 ж. – «Ордабасы оттары» ақпараттық-талдау апталығына Ор­дабасы ауданының және Оңтүстік Қазақс­тан облысының Құр­метті азаматы, облы­­с прокуроры, генерал Ибраһим Әлжанұлы Иманов туралы журналист Әсет Әссандидің «Иманды жан Иманов» атты мақаласы жарияланды. Іле-шала бұл мақаланы еліміздің үш порталы көшіріп басты.

didarbek.kz

Пікір жазу