Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ақ дидарлы әжелер

Ақ дидарлы әжелер

Түркістанда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы тәрбиесіндегі әженің ықпалы мен немере тәрбиелеудегі тәжірибені насихаттау, ата-салтымыздың асыл мұрадай қазынасын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін ұрпақтың бойына ұлағат ету мақсатында ұйымдастырылған «Ақ дидарлы  әжелер» байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры, ҚР «Мәдениет қайраткері» Шәмет Лиза Төлегенқызы және ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ұлағатты ұстаз, бірнеше немерелердің әжесі Серім Айғаным Абанқызы әжелерімізге сәттілік тілеп, болашақ ұрпақтың ақ жаулығы желбіреген әжелерден алатын тәлім – тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.

Байқауымызға 60-70 жасқа дейінгі әжелер қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, сахна төрін ән мен жырға бөледі.

Байқау қорытындысы бойынша,  Бас Жүлдені ұлды – ұяға, қызды –қияға қондырған, немере- шөберенің ардақтысына айналып отырған Шәметова Роза, І – орын Шорнақ ауылынан келген Балабекова Алия, ІІ- орын Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылынан келген әжеміз Ташметова Айткүл, ІІ-орын Халыбекова Нұржамал, ІІІ-орын Шорнақ ауылынан Арынова Үрлайм, ІІІ- орын Қарашық ауылынан келген Бексұлтанова Саракүл әжеміз иемденсе, Сарсенбаева Құндыз, Қожанова Үрмет, Абдусаметова Қапия, Утебаева Жұмагүл әжелерімізге Түркістан қаласының әкімі Мұсаев Тәжібек Қалманұлының атынан Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу