Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттау аясында Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі өтуде. Аталған өнер додасы Жаңа Иқан ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тауып, ақсақалды қариядан ең жас дарынына дейін салт-дәстүрлерді дәріптеп, түрлі жанрдағы өнерлерді ортаға салды. Сонымен қатар, халық өнегесін үйрету мақсатында қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі де ұйымдастырылды.
«Қаратаудың етегінде, қыр даласы жасыл желек, қызғалдағы мен гүлдері елден ерек, мәуелі жемісі бар, суы шипа ,табиғаты тамаша, баурайынан самал желі есіп тұратын, қазақ — өзбек ұлттары тату- тәтті өмір сүретін бұл мекеннің де тарихы жайлы, өзінше аңыз – әңгімелері бар. Ауылдың ортасынан Қаратаудан басталатын «Иқан су» деп аталатын сай ағып өтеді. Фестиваль барысында негізгі ерекшеліктердің бәрін өнер арқылы көз алдымызға әкелді. Шара басқа да мәдениет үйлері мен клубтарда жалғасады»-дейді, қалалық мәдениет үйінің қызметкері Азамат Жұмабаев.