Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » МЕЙІРЛІ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ 

МЕЙІРЛІ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ 

Шымкент қаласындағы облыстық Опера және балет театрында халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында сала үздіктері облыс әкімінің, облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан бөлек, 11 медицина саласының қызметкеріне «Ең үздік медбике» номинациясы беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл күні елуге жуық азамат айрықша құрметке ие болды.

Жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз саласында абыройлы еңбек еткен қызметкерлерге өңірдегі шипажайларға 20 жолдама сыйға тартты.

Бүгінде облыстағы медициналық ұйымда 25 мыңнан астам орта буын қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді. Халықтың денсаулығын сақтау сынды асыл міндет мемлекеттік саясаттың негізі болып отыр. Осы бағытта өткен жылы 4391 медицина қызметкер біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтады. Оның ішінде шет мемлекетке барғандар да бар. Ал осы жылы сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Түркия мемлекетіне жолдама беріледі деп жоспарланып отыр.

Ақ халатты абзал жандардың мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
(Ә.Ә.)

 

Пікір жазу