Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің өткен тарихынан сыр шертетін «ОТЫРАР ЭРМИТАЖЫ» атты тақырыптық көрмесі таныстырылды.
Отырар ауданында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкеде музей тарихын көрсететін жәдігерлер, ата-бабамыздан келе жатқан ағаш өңдеу, кесте тоқу, сурет салу, түрлі металдарды қолдана отырып, қолөнер бұйымдарын жасау арқылы дүниеге келген өнер туындылары қойылды.
Көрмемен танысқан көпшілік музей тарихы, жеткен жетістіктері туралы тың мағлұматтар алды.
Шара соңында жәрмеңкеге қатысушы шеберлерді алғыс хатпен марапаттап, алқа қазыларының шешімімен жүлделі орындары анықталып, ақшалай сыйлықтар берілді. 1-орын Әжімұратов Абылайхан; 2-ші орын Шарапова Мәкен, Жүсіпбек Шолпан; 3-орын Омар Шәрипа, Түкенова Арайлым иеленсе, «Үздік шебер» номинациясы бойынша Асылбекова Құрманкүл, «Үздік сурет шебер» номинациясы бойынша Маликов Алмаз, Ерсұлтан Арайлым және Айтбек Өмірханға «Жас сурет шебер» номинациясы бұйырды.
Құтты болсын!